Портал для улучшения городской инфраструктуры и качества обслуживания населения
Добавить обращение
К списку обращений
Просмотр обращения

Адрес: г.Семей, Бобровка, дача №2, 4346
Категория: Пассажирский транспорт и автомобильные дороги
Статус: Рассмотрено

Комментарии


29.11.2018 12:10
ГУ «Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог»
Общественный транспорт
«Семей қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі қосымша хабарлайды: Қазіргі маршруттық жүйе 2011 жылы бекітілген, ол бойынша жыл бойы Бобровка саяжайларына тұрақты қызмет көрсететін № 15 маршрут. Саяжай дегеніміз-қала тұрғындарының қала сыртындағы үйі, әдетте, ол үй тұрақты тұруға арналмаған, маусымдық баспана болып есептеледі. Қазіргі маршруттық жүйе бекітілген 2011 жылы Бобровка саяжайларында тұрақты тұратын халық саны әлдеқайда аз болған. Қайталап айтамыз, Бобровка саяжайларының тұрғындарының өтініші негізінде, № 15 маршрутқа қосымша 1 автобус қосылды. 2017 жылы Семей қаласының маршруттық жүйесін оңтайландыру жобасы бойынша зерттеу жүргізгенАлматы қаласының «Көлік және коммуникация ғылыми - зерттеу институты» ЖШС-нің санауы бойынша Бобровка саяжайларынан қоғамдық көліктерге таңертеңнен кешке дейін отыратын жолаушылар саны – 2184 адам.Оның ішінде таңертең және кешке қарбалас(жолаушылар ағымының ең жоғары уақыты) кезінде жолаушылар саны өте көп, басқа кездері автобустар жартылай бос жүреді. Алматы қаласының «Көлік және коммуникация ғылыми - зерттеу институты» ЖШС ұсынымдарын, жұмыс істеп отырған тасымалдаушылардың және қала тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, қала әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 1135 қаулысымен қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттық желісі бекітілген. 2018 жылы бекітілген жаңа маршруттық жүйе бойынша Бобровка саяжайларына тұрақты түрде, қысы-жазы екі маршрут қызмет көрсететін болады: - № 15 маршрут, «Авиаторлар қалашығы- Бобровка саяжайлары», кіші класс, 6 бірлік автобус; - № 18 маршрут, «Жансая» базары- Бобровка саяжайлары», кіші класс, 8 бірлік автобус; Жаңа маршруттық жүйе бойынша конкурс 2019 жылы өткізіліп, автобустар жоғарыда аталған екі маршрут бойынша, конкурстан жеңіп шыққан тасымалдаушы компаниямен келісімшарт жасалғаннан кейін жүре бастайды.

Для того чтобы добавить комментарий, Вам необходимо войти на портал Бакылау с использованием своих учётных данных.